2026 жылдан бастап шоттағы ақша мен аударымдарға бақылау күшейтіледі

Қыркүйек 17, 2025 - 12:12
Қыркүйек 17, 2025 - 12:14
 0  13
2026 жылдан бастап шоттағы ақша мен аударымдарға бақылау күшейтіледі
stan.kz

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі аясында банктер салық органдарына азаматтардың банк шоттары мен ақша қозғалысы туралы нақты ақпаратты ұсынуға міндеттеледі. Бұл туралы Қаржы министрлігі жариялаған бұйрық жобасында көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, банктер салық органының сұрауы бойынша 10 жұмыс күні ішінде келесі деректерді береді:

  • Жеке тұлғаның шоты бар-жоғы;

  • Шот нөмірлері;

  • Шоттағы қалдық және ақша айналымы.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл — бұрыннан бар талап, тек жалпыға бірдей декларациялау аясында бақылау күшейтіліп отыр. Ереже кіріс пен мүлік туралы декларация тапсыруға міндетті тұлғаларға қатысты.

Мақсат – ірі мәмілелерді бақылау арқылы көлеңкелі экономиканы қысқарту, әділ салық салу және бюджет кірісін арттыру. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап мобильді аударымдарға қатысты да жаңа шектеулер күшіне енеді – үш айда 1 млн теңгеден асатын аударымдар тексеріледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 1