3 жылға дейін ең төменгі жалақы өзгермейді
Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болып қала береді. Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2026 жылы бұл көрсеткіш 90 мың теңгеге дейін өседі деп мәлімдеген болатын. Алайда Үкімет экономикалық ахуалға байланысты бұл жоспардан бас тартуға мәжбүр екенін хабарлады.
2026 жылғы республикалық бюджетке сәйкес, ең төменгі жалақы көлемі өзгеріссіз сақталады, яғни бұрынғы деңгейде – 85 мың теңге болып бекітіледі. Ал жалақыны арттыру тек 2029 жылы ғана қарастырылуы мүмкін.
Министрдің айтуынша, бүгінде ел бойынша 329 мың адам 80 мың теңгеден төмен жалақы алады. Ал 780 мың азаматтың айлығы 85 мың теңгеден аспайды.
Айта кетейік, осы күні Мәжіліс "Дамушы елдерді ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы №131 конвенцияны ратификациялау" туралы заңды қабылдады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0