Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты маңызды өзгеріс әзірленіп жатыр
Енді Қазақстан азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинағын бірнеше мақсатта пайдалана алуы мүмкін. Мұндай бұйрық жобасын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірледі. Бұйрық жобасы 21 қарашаға дейін "Ашық НҚА" порталында талқыланады.
Жоба зейнетақы жинағын пайдалану мүмкіндігін кеңейтуді көздейді. Оны мынадай мақсаттарға бағыттауға рұқсат беру ұсынылып отыр:
- тұрғын үй несиесі бойынша негізгі қарызды өтеу;
- ай сайынғы төлемді азайту;
- несиенің мерзімін қысқарту.
Министрлік мәліметінше, өзгерістің мақсаты - біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану процесін тиімді әрі ыңғайлы ету.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0