Енді тәулігіне 140 литрден артық су пайдалануға болмайды
Енді әр тұрғын бір тәулікте 140 литрден артық ауызсу тұтына алмайды. Бұл шектеуді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекітті. Жаңа норма 13 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Министрлік шешіміне сәйкес, белгіленген мөлшерден асқан жағдайда, артық пайдаланылған су құны 30 пайызға қымбаттайды. Яғни, тұтынушы артық ішкен әр литр су үшін қосымша ақы төлеуге міндеттеледі.
Қаржыгер Сапарбай Жобаевтың айтуынша, бұл қадам халықты суды үнемдеуге, бейберекет пайдаланудан бас тартуға бағытталған.
«Енді әр литр су есепке алынады. Мұндай шаралар арқылы Үкімет тіршілік көзін бағалауға және үнемдеуге үйретпек», – дейді сарапшы.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
1
Қайғылы
0
Апыр-ай
0