Таразда оқушылар арасындағы жанжал өліммен аяқталды

Қыркүйек 4, 2025 - 11:38
 0  24
Таразда оқушылар арасындағы жанжал өліммен аяқталды

2025 жылдың 1 қыркүйегінде Тараз қаласындағы Қаратау шағынауданында жасөспірімдер арасындағы дау қайғылы жағдаймен аяқталды. 14 жастағы оқушы жүрек тұсынан пышақ жарақатын алып, жедел жәрдем жеткенге дейін көз жұмды.

Полицияның мәліметінше, күдікті — марқұмның сыныптасы. Ол оқиға орнында ұсталып, Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тараз қалалық білім бөлімі қақтығыстың оқу процесінен тыс уақытта және мектеп аумағынан тыс жерде болғанын растады. Олардың айтуынша, жанжал тұрмыстық сипатта болған және оқушылар бұған дейін бір-бірімен жанжалға түспеген.

Марқұм оқушы Нарғазы Данаев атындағы мектептің 9 «В» сыныбында оқыған. Сынып жетекшісі Гүлмира Жанаеваның айтуынша, ол сабырлы, ұстамды, отбасына көмектесіп жүретін, мектепішілік шараларға белсенді қатысқан жеткіншек болған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0