Сарысу ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Салтанатты жиынға қатысқан ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек құттықтау сөз сөйлеп, адам жанына араша түсер азаматтардың жұмысына табыс тіледі.
Жаңа бекеттің лентасын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек және Жаңатас қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев салтанатты жағдайда қиды.
Сондай-ақ, барлық ауыл тұрғындарының атынан Тоғызкент ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төленді Еркінов сөз сөйлеп, осындай игі істерге ұйытқы болған Төтенше жағдайлар министрлігіне және облыс басшылығына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
1
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0