Жамбыл облысында 350 орындық жаңа аурухана бой көтереді
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, өңірде ауқымды медициналық жоба жүзеге аспақ.
Жамбыл облысында 350 төсек-орынға арналған көпбейінді жаңа облыстық аурухана салынбақ. Бұл бастама аймақ медицинасының дамуына серпін беріп, халыққа сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Құрылыстың орны ретінде Тараз қаласындағы Асқаров көшесінің соңындағы 12 гектар жер телімі бөлінген. 2026 жылы жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып, құрылыс жұмыстары 2027–2029 жылдары жүргізіледі деп жоспарлануда.
Жаңа аурухана заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталып, хирургия, кардиология, нейрохирургия, онкология және басқа да маңызды бағыттарды қамтитын болады.
Жоба жүзеге асқанда облыс тұрғындары жоғары технологиялық медициналық көмекке қол жеткізіп, күрделі операциялар мен диагностиканы өз өңірінде жасата алады.
Бұл бастама өңірдегі стационарлық көмектің сапасын арттырып, пациенттердің өзге қалаларға бару қажеттілігін едәуір азайтады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0