Шығын 37 млн теңгеден асады: Жетісу облысында ірі көлемдегі алаяқтық әшкере болды

Ақпан 2, 2026 - 17:55
 0  3
Шығын 37 млн теңгеден асады: Жетісу облысында ірі көлемдегі алаяқтық әшкере болды
Видео кадры

Жетісу облысында заңсыз call орталықтың қызметі тоқтатылды.

Жетісу облысы полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен интернет алаяқтықпен айналысқандардың заңсыз әрекетін әшкереледі. Заңсыз схеманың ұйымдастырушысы Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шыққан.

Ол қатысушылар арасында міндеттерді нақты бөліп, жасырын call орталық құрған.

"Алаяқтар әлеуметтік желілер мен Telegram мессенджері арқылы әрекет етіп, дроптар мен ақшаны қолма-қол айналдыру сервистерін пайдаланған. Қылмыстық әрекет салдарынан 57 азамат жәбірленіп, әрқайсы бір миллион теңгеден аса қаржысынан айырылған. Келтірілген жалпы шығын 36 миллион теңгеден асты", - деп жазылған хабарламада.

Қазір Қазақстан аумағында жүрген өзге де күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолданған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0