Ресей трансұлттық қылмыстық топ мүшесін Қазақстанға қайтарды

Сәуір 6, 2026 - 18:16
Сәуір 6, 2026 - 18:16
 0  2
Ресей трансұлттық қылмыстық топ мүшесін Қазақстанға қайтарды
Видео кадры

Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ мүшесі Ресейден экстрадицияланды.

Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Күдікті 2023 жылы Ресей Федерациясы аумағында сату мақсатында Қазақстан бойынша акцизделетін тауарларды (темекі) сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз сақтап, тасымалдаған. Осылайша акциз салығынан Қазақстан бюджетіне түспеген қаражат 1 миллиард теңгеге жеткен.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Ол 2025 жылы сәуірде Ресейде ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0