Павлодарда химиялық оқиғадан жеті бала зардап шекті

Қыркүйек 15, 2025 - 16:54
Қыркүйек 15, 2025 - 16:56
 0  5
Павлодарда химиялық оқиғадан жеті бала зардап шекті

Павлодардағы №37 мектепте жеті оқушы белгісіз қоспасы бар бөтелкемен ойнау кезінде термиялық күйік алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Оқиға туралы хабарлама 112 қызметіне түскеннен кейін, мектепке өрт сөндірушілер, құтқарушылар және Төтенше жағдайлар министрлігінің апаттар медицинасы орталығының бригадасы дереу жеткен.

«Оқиға кезінде қолдан жасалған қоспа салынған бөтелке жарылып, соның салдарынан 7 оқушы жарақат алды», – делінген ресми хабарламада.

Апаттар медицинасы орталығының мамандары бір балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қалған алтауы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар тергеу жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0