Оқушы мен 27 жастағы ер адамның Елек өзеніндегі жұмбақ қазасы: жақындары егжей-тегжейін айтты
Ақтөбеде сүйегі судан табылған оқушының ата-анасы ұлы кісі қолынан қаза тапқанына сенімді. Қара жамылған отбасының айтуынша, марқұмның денесінде соққы іздері болған, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
16 жастағы жасөспіріммен бірге көз жұмған 27 жастағы ер адамның туыстары да жұмбақ өлімге күдікпен қарайды.
"Баламды ешкім маған қайтарып бере алмайды. Оны жақсы білемін. Дегенмен балам кісі қолынан қаза тапқанын дәлелдеуім керек. Екі адам бірдей суға секіріп кетіп, бірдей оқыс жағдай болды дегенге сене алмаймын. Ана жүрегім сенбейді", - дейді Айгүл Кереева.
10-сыныпта оқыған Исламның анасы тергеу жан-жақты жүргізілгенін талап етіп отыр. Жақындарының сөзінше, марқұм ауыр соққы алған, құлақ шекесінен бастап, жүрек тұсы, қабырғалары - түгел көгерген.
Оқушы қайғылы жайт болған күні түн жарымына дейін моншада жұмыста болған. Оны қара көлік алып кеткені бейнекамераға түсіп қалған. Кейін сол көлікті тізгіндеген тұрғынның сүйегі де Елек өзенінен табылды. 27 жастағы жігітті оқушымен не байланыстырғанын марқұмның туыстары түсіне алмай отыр. Бірақ оның денесінен соққы ізі байқалмаған.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде Елек өзенінен сүйегі табылған 16 жастағы жасөспірім туралы бір дерек айтылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0