Медеу бірнеше жылға жабылады: жаңа мүмкіндіктер мен өзгерістер
Алматыда бірегей нысан – Медеу мұз айдыны жаңарту жұмыстарына дайындық кезеңіне өтті. Құрылыс аймағы қоршалып, негізгі жұмыстар алдағы уақытта басталады.
Жоба аясында келесі жаңалықтар жоспарланған:
-
Мұз айдынына жаңа тоңазытқыш жүйесі орнатылып, инженерлік коммуникациялар толық жаңартылады; кешен газбен қамтамасыз етіледі. Мұз сапасын нақты уақыт режимінде бақылауға арналған жасанды интеллект жүйесі энергия тұтынуды 25%-ға дейін азайтады.
-
Көрермендерге арналған жылы орындықтар қойылады.
-
Шығыс қанаттағы қонақүй төрт жұлдыз стандартына сай қайта жобаланады.
-
Спортшылар мен қонақтарға арналған заманауи оңалту орталығы ашылады: сауна, массаж бөлмелері және шұғыл медициналық қызмет қарастырылған.
-
Кешен аумағында 3D тұжырымдамасындағы интерактивті музей жасақталады, ол заманауи мультимедиялық және көрме жабдықтарымен жабдықталады.
-
Батыс трибунада 900 шаршы метрлік терраса мен демалыс аймағы, ал кешен алдындағы жер асты автотұрағы үстінде SUN-DECK көпфункционалды алаң салынады.
-
Бұрынғы машина залының маңында жылы суы бар ашық бассейн (25×15 м) салынып, трибуна мен қызмет көрсету ғимараттары болады. Бұл бассейн жыл бойы жұмыс істеп, қала тұрғындары мен туристерге таза ауада жүзу мүмкіндігін ұсынады.
-
Кешеннің айналасында серуен жолдары бар экопарк құру жоспарланған.
Жұмыстар 2027 жылғы 4-тоқсанда толық аяқталуы тиіс.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0