«Astana Finance Days – 2025»: Қазақстан $6,6 млрд инвестиция тартты

Қыркүйек 5, 2025 - 10:25
 0  6
«Astana Finance Days – 2025»: Қазақстан $6,6 млрд инвестиция тартты
Рrimeminister.kz

Астанада VIII «Astana Finance Days» форумы басталды. Шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қатысып, форумның ашылуында сөз сөйледі. Биылғы жиын Astana International Forum-ның қолдауымен өтіп жатыр.

Серік Жұманғарин атап өткендей, «Astana Finance Days» бүгінде 70-тен астам елдің инвесторларын, бизнес және мемлекеттік құрылымдарын біріктірген аймақтағы басты ынтымақтастық алаңы саналады. Бұл Қазақстанның ашықтығы мен инновацияға бейілділігін көрсетеді.

Форумда айтылған негізгі экономикалық көрсеткіштер:

  • 2025 ж. қаңтар–шілде аралығында ЖІӨ өсімі – 6,3%,

  • Нақты сектор өсімі – 8,3%,

  • Қызмет көрсету саласы – 5,2% артты,

  • Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі – $6,6 млрд (өсім – 6,2%),

  • Негізгі капиталға салынған инвестициялар – 9,9 трлн теңге (өсім – 16,1%).

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға дейін экономиканы екі еселеу көзделген. Бұл үшін кемінде $150 млрд көлемінде тікелей инвестиция тарту және негізгі капиталға салынатын инвестиция үлесін ЖІӨ-нің 23%-ына жеткізу жоспары бар. Осы бағытта инвестициялық келісімдер мен "жасыл дәліз" механизмдері секілді жаңа құралдар іске қосылған.

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) бұл стратегияда маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда:

  • АХҚО-да 85 елден 4 000-нан астам компания тіркелген;

  • Бұл компаниялар қаржы технологиясы, активтерді басқару, жасыл қаржы мен исламдық банкинг секілді салаларда жұмыс істейді;

  • АХҚО арқылы Қазақстан экономикасына $17 млрд инвестиция тартылған.

Серік Жұманғарин форумның жаңа әріптестікке жол ашып, өңірлік әрі жаһандық экономикалық дамуға үлес қосатынына сенім білдірді.

Рrimeminister.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0