Жол сапасына байланысты 140 әкімшілік хаттама толтырылды – Алматыда тексеріс нәтижесі
Алматы қаласында полиция жол жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімінде орындалуына бақылауды күшейтті. Құзырлы органдар анықтаған заңбұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр.
Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін қала аумағында жалпы ұзындығы 120 шақырымнан асатын жол, тротуар және веложолдар салынып, жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, жаңа аялдама кешендері мен жерүсті жаяу жүргінші өткелдерін орнату жоспарланған.
Жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға 2 000-нан астам тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде, жауапты лауазымды және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 5,5 миллион теңге болатын 140 әкімшілік хаттама толтырылған. Бұдан бөлек, 2 000-нан астам құқықбұзушылықты жою туралы нұсқама беріліп, жол жамылғысы мен инфрақұрылымнан 4 000-ға жуық ақау анықталған.
"Жолдарды салу мен күтіп ұстау кезінде заңбұзушылықтарға жол берген мердігер ұйымдар мен лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр", - деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дархан Қылышбаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0