Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстан әйелдер теннисі құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Серена Уильямс атындағы топта бірінші орын алып, WTA-2025 маусымының қорытынды турнирінің жартылай финалына мерзімінен бұрын жолдама алды, – деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына (ҚТФ) сілтеме жасап.
Америкалық Аманда Анисимова Мэдисон Кизді 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңгеннен кейін, отандасымыздың плей-оффқа шығуы ресми түрде нақтыланды.
Топтық кезеңде Рыбакина екі матчта да жеңіске жетті:
-
Аманда Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен ұтты;
-
Польшалық Ига Швентекті 3:6, 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірді.
Бұл – қазақ теннисі тарихындағы ерекше жетістік. Елена Рыбакина жекелей сында WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0