Экс-әкім орынбасары Ержан Бабақұмаров кісі қолынан қаза тапты
Бүгін, 2025 жылдың 30 қазанында әлеуметтік желілерде Астанада бұрынғы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың соққыдан кейін көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Бұл деректі Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Полиция департаментінің ресми хабарламасында былай делінген:
“Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұрыннан таныс адамдар арасында ауызша жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.”
Ержан Бабақұмаров 1969 жылдың 2 наурызында Жетісу облысы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «саяси тарих пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1995–2019 жылдары ол Қазақстанды дамыту институтының Саяси зерттеулер орталығында, Алматы қаласы әкімдігінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде түрлі, соның ішінде басшылық лауазымдар атқарған.
2019 жылдың сәуірінен 2019 жылдың шілдесіне дейін – ҚР Президентінің кеңесшісі,
2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың ақпанына дейін – Алматы қаласы әкімінің орынбасары,
2022 жылдың ақпанынан 2022 жылдың 2 қыркүйегіне дейін – ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болды.
2022 жылдың 2 қыркүйегінде Ержан Бабақұмаров бұл қызметтен ҚР Президентінің өкімімен босатылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0