АҚШ-та жасөспірім мектепте оқ жаудырып, өз-өзіне қол жұмсады
АҚШ-тың Денвер қаласының маңында қайғылы оқиға болды: Evergreen High School мектебінің 16 жасар оқушысы қатарластарына оқ жаудырып, кейін өз-өзіне қол жұмсады.
Атыс мектептің ішінде және сыртында болған. Полиция оқиға орнына 5 минутта жеткен, бірақ қару қолданбаған. Екі жасөспірім зардап шекті: біреуінің жағдайы қалыпты, екіншісі ауыр халде.
Оқиға орнында 100-ден астам қызметкер жұмыс істеді. Мектеп 1999 жылы Columbine High School мектебінде қайғылы оқиға болған ауданда орналасқан.
Айта кетейік, кеше АҚШ-тың Юта штатында саясаттанушы Чарли Кирк кісі қолынан қаза тапқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0