Астананың орталығында өрт: тұрғындар уақытша қонақүйге орналастырылды

Қыркүйек 18, 2025 - 12:16
 0  4
Астананың орталығында өрт: тұрғындар уақытша қонақүйге орналастырылды
gov.kz

Астана әкімдігі өкілдері 18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінде өрт шыққанын хабарлады.

Өрт салдарынан тұрғындар қауіпсіздік мақсатында уақытша қонақүйге орналастырылды.

"Әкімдік, ТЖД және қалалық полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел штаб құрды. ТЖД және полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді әкімдік өкілдері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0