Алматыда автобус жүргізушісі телефонға алаңдап, қызды қағып кеткен

Желтоқсан 10, 2025 - 16:20
 0  1
Алматыда автобус жүргізушісі телефонға алаңдап, қызды қағып кеткен
ІІМ кадры

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды.

9 желтоқсанда сағат 10:54-те Алмалы ауданы Төле би даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалып келе жатқан автобус жүргізушісі Исаев көшесімен қиылыста 2007 жылы туған қыз баланы қағып кеткен.

"Ол белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді", - деді полиция.

Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалған. Автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Жолаушы тасымалдайтын жүргізушінің жолда ұялы телефонға алаңдауы - мүлде жол беруге болмайтын әрекет. Әр жүргізуші жолда барынша мұқият болуға тиіс", - деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0