2 мыңға жуық бала уланды, 7 күдікті қамауға алынды
Ташкент облысындағы мемлекеттік балабақшаларда жаппай улану дерегі тіркеліп, 2 мыңға жуық бала дәрігер көмегіне жүгінді.
Өзбекстанның Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нурмат Атабековтің айтуынша, уланған балалардың 182-сі әлі де ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Мамандар бүлдіршіндердің жағдайы біртіндеп жақсарып келе жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, 24 қыркүйекте Ташкент облысындағы бірнеше мемлекеттік балабақшада сүт өнімдерінен улану фактісі анықталған. Нәтижесінде 960-тан астам бала ауруханаға жатқызылып, жалпы саны 2 мыңға жуық ата-ана медициналық көмекке жүгінген.
"Балалардың ешқайсысы ауыр хәлде емес. Емдеу жұмыстары мемлекет бақылауында және оң нәтиже беріп жатыр", – деді Нурмат Атабеков.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Іске қатысы бар деген күдікпен 7 адам қамауға алынды. Олардың үшеуі – сүт өнімдерін өндіруші компания қызметкерлері, қалған төртеуі – балабақшаларға азық-түлік жеткізетін фирмалардың өкілдері.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0