Әлем чемпионатында топ жарған боксшылар елге оралды

Қыркүйек 16, 2025 - 14:21
 0  1
Әлем чемпионатында топ жарған боксшылар елге оралды
Ж. Қадыржанова

Бокстан әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбай бүгін Астанаға оралды. Халықаралық әуежайда оларды жанкүйерлер, спорт жанашырлары мен БАҚ өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.

Еске салайық, жақында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты өткен болатын. Қазақстан құрамасы аталған жарыста жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Қоржынымызға жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль түсті.

Әйелдер құрамасы Алматыға ұшып келсе, чемпиондар Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабыр Түркістанға бағыт алды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0