Қазақстандық спортшы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді
Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Норвегияның Хамар қаласындағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді.
Спортшы 500 метр қашықта сәтті өнер көрсетті. Евгений Кошкин мәреге 34,56 секундта келіп, алтыншы орынды иеленді.
Жарыста жеңіс америкалық Джордан Штольцқа бұйырды: 34,14 секунд. Күміс жүлдені поляк спортшысы Дамиан Журек иеленді: 34,14 секунд. Қола медаль жапониялық Юта Хироиседе: 34,44 секунд.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Нашар
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0