Қарағандыда қайырымдылық атын жамылған қаржы пирамидасы әшкереленді
Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Қарағанды облысы бойынша департаменті "Үміт Самғау" атты қаржы пирамидасын ұйымдастыру және оған басшылық ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Схеманың жұмыс істеу тәсілі
Компания өзін жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсететін қайырымдылық қор ретінде таныстырған. Алайда ұйым азаматтарға салған қаражатының көлеміне қарай 300%-дан 800%-ға дейін табыс табуға уәде берген.
Қатысушыларға түрлі "салым түрлері" ұсынылған, ал төлемдер нақты кәсіпкерлік қызмет есебінен емес, кейін қосылған салымшылардың қаражаты есебінен жасалып отырған.
Ұйымдастырушылар мен тергеу барысы
Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары тартылып, олардың атына тіркелген банк карталары мен шоттары арқылы ақша айналымы жүргізілген.
Тергеу мәліметінше, қаржы пирамидасына 400-ден аса адам қатысып, жиналған қаражат көлемі 100 миллион теңгеден асқан. Сот санкциясымен күдіктінің пәтері мен көлігіне тыйым салынды.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0