Қар жауады: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
"Қазгидромет" РМК 20–22 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райына атмосфералық фронттар әсер етеді. Нәтижесінде, кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Сондай-ақ бұршақ жаууы мен дауыл соғуы да мүмкін.
20 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
Бұдан бөлек, бірнеше өңірде түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсуі ықтимал.
"Республиканың солтүстік жартысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
1
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0