Жәнібек Әлімханұлының тарихи жекпе-жегінің өтетін күні жарияланды
Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) қатысатын бокс кешінің толық карды ресми түрде жарияланды.
Қазақстандық чемпион бұл жолы өз салмағындағы WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) жұдырықтасады. Кездесуде бірден үш чемпиондық атақ — IBF, WBO және WBA белбеулері сарапқа салынады.
Тарихи жекпе-жек 6 желтоқсанда (Астана уақытымен 7 желтоқсанда таңертең) АҚШ-тың Техас штаты, Сан-Антонио қаласында өтеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0