Жол жиегінде көлік жөндеп тұрған екі жігітті көлік қағып кетті

Қыркүйек 13, 2025 - 11:55
 0  6
Жол жиегінде көлік жөндеп тұрған екі жігітті көлік қағып кетті
depositphotos.com

Ақмола облысында қайғылы жол апаты орын алды. Жол жиегінде көліктің дөңгелегін ауыстырып жатқан екі жігітті өтіп бара жатқан көлік қағып кеткен, деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі Nayza Kokshe-ге сілтеме жасап.

Оқиға 11 қыркүйекке қараған түні Астана – Петропавл республикалық маңыздағы автожолының 178-шақырымында болған. Екі жас жігіт көліктің дөңгелегін ауыстыру үшін тоқтаған сәтте, Nissan Almera көлігінің жүргізушісі оларды байқамай соғып кеткен.

Апат салдарынан 21 жастағы жігіттің бірі оқиға орнында көз жұмды. Ал екінші зардап шеккен азамат Бұланды аудандық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша құқық қорғау органдары тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 1
Апыр-ай Апыр-ай 0