Жаңаөзенде дәрігер ауруханада пышақ жарақатын алып, көз жұмды

Қаңтар 30, 2026 - 17:38
 0  3
Жаңаөзенде дәрігер ауруханада пышақ жарақатын алып, көз жұмды
depositphotos.com

Жаңаөзендегі ауруханада 29 жастағы дәрігер-терапевт пышақ жарақатын алып, көз жұмды.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі мән-жайды айтты. Ведомство мәліметінше, 28 қаңтарда Жаңаөзенде пышақ жарақатынан 29 жастағы ер адам қайтыс болған.

"Адам өлтіру дерегі бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қақтығыс ер адамдар арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде шыққан. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындады", - деді полиция.

Бұл дерекке қатысты полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қазір барлық мән-жайды жан-жақты, толық зерттеуге бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0