Жамбылда жыл басынан бері 586,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Желтоқсан 1, 2025 - 17:54
 0  15
Жамбылда жыл басынан бері 586,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Ашық дереккөз
Бұдан бөлек, «Әулиеата жастары» бағдарламасы аясында 140 жас отбасы баспанамен қамтылған

Жамбылда жыл басынан 586,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы өңір басшысы Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ilmek.kz

Өңірде тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп, жаңа алқаптар мен шағын аудандар салынуда. Аймақ басшысының айтуынша, жыл басынан бері облыста 586,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

 -Облыс бойынша 2 190 пәтерлі 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 1200 пәтерлі  20 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан бөлек, көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік-осал топтары үшін 710 пәтер сатып алу жоспарлануда, - деді облыс әкімі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0