Жамбыл облысының экономикалық өсімі 11,4 пайызды құрайды

Қыркүйек 23, 2025 - 11:56
Қыркүйек 23, 2025 - 12:00
 0  2
Жамбыл облысының экономикалық өсімі 11,4 пайызды құрайды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдің 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қаралды. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу, кәсіпкерлік, қорғаныс салаларындағы атқарылған жұмыстар талқыланды.

➤ Жиын барысында қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі, күзгі дала жұмыстары мен вегетациялық кезеңнің барысы жөнінде бірқатар басқарма басшысының, полиция және төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің есептері тыңдалды.

➤ Экономика және бюджеттің жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның хабарлауынша, 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша облыс экономикасының өсімі 11,4 пайызды құрады.

➤ Бұл көрсеткіш өнеркәсіп (18,9%), ауыл шаруашылығы (0,1%), құрылыс (19,6%), тұрғын үй (2,8%), сауда (2,4%), көлік (4,9%) және байланыс (9,3%) салаларындағы өсім есебінен қамтамасыз етілді.

➤ Барлық салада оң динамика қалыптасты.

➤ Алайда, өнеркәсіп өнімінің көлемі – Жуалы, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандарында, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – Жуалы, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов, Қордай аудандарында, инвестиция көлемі – Мойынқұм, Қордай аудандарында, құрылыс көлемі – Мойынқұм ауданында, бөлшек сауда – Сарысу ауданында төмен деңгейде қалып отыр.

➤ Аппараттық кеңес қорытындысында облыс әкімінің бірінші орынбасарына, басқарма басшыларына, сондай-ақ Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне көтерілген мәселелерді қатаң бақылауда ұстап, оларды шешу үшін нақты шаралар қабылдау тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0