Жамбыл облысында оқушылар тамақтан уланды

Қараша 12, 2025 - 18:05
 0  10
Жамбыл облысында оқушылар тамақтан уланды
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысында оқушылар тамақтан уланды.

11 қарашада Байзақ ауданы Мырзатай ауылында орта мектеп оқушылары тамақтан уланғаны анықталған.

Аудандық орталық аурухананың мәліметінше, 11 қарашада таңертең балалар мектептің қарсы бетіндегі жеке дүкеннен сатып алған жылдам дайындалатын тағамдарды (сэндвич, бургер, қытырлақтар) жеген.

Арада 1-2 сағат өткен соң балаларда жүрек айну, құсу, бас ауруы және әлсіздік сияқты улану белгілері байқалған.

"12 оқушы Байзақ аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде тексерістен өтті. Балалардың жағдайы тұрақты, олар үйіне қайтарылды. Науқастарға тиісті ем-дом көрсетілді. Зертханалық тексеріс жүргізіліп, уланудың себебі анықталып жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық білім басқармасының басшысы, аудан басшылығы оқиға орнына барып, тиісті шаралар қабылдап жатыр. Жағдай бақылауда", - деді өңірдің Білім басқармасы өкілі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0