Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Қараша 7, 2025 - 10:52
 0  9
Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Polisia.kz

Жамбыл облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының жедел және қырағы іс-қимылының нәтижесінде ауыр қылмысқа қатысы бар тұлға қолға түсті.

Полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері Алматы – Ташкент автожолының 219-шақырымында бағдар бойынша іздеуде жүрген көлікке ұқсайтын Audi маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Тексеру кезінде көліктің артқы орындығында отырған 44 жастағы ер адамның көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет, соның ішінде аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша халықаралық іздеуде жүргені анықталды.

Күдікті заң талаптарына сәйкес ұсталып, Кордай аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Кейіннен ол Қырғыз Республикасының милиция өкілдеріне ресми тәртіппен тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0