Қазақстанда ақылы жолдарда жүру ережесі өзгерді
2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы жолдарда төлем алу тәртібіне өзгерістер енгізілді.
Қазіргі таңда елімізде 27 ақылы жол бар. Жаңа ережеге сәйкес, егер ақылы жолдың белгілі бір бөлігінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін ақау болса және ол жөндеуді қажет етсе, аталған учаске үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлем алынбайды.
Мәселен, егер ақылы жолдың жалпы ұзындығы 100 шақырым болса, оның 5 шақырымы жөндеуді қажет етсе, жүргізушілер тек 95 шақырым үшін ғана ақы төлейді. Ақау жойылғаннан кейін толық төлем қайта енгізіледі.
Жүргізушілер жол бойындағы ақау туралы тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне хабарласып, мәлімдей алады.
Бұл жаңа тәртіп республикалық және халықаралық маңызы бар барлық ақылы жолдарға қолданылады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0