Жамбыл облысында интернаттағы жанжал дер кезінде жария етілмеген

Қыркүйек 11, 2025 - 19:40
Қыркүйек 11, 2025 - 19:53
 0  11
Жамбыл облысында интернаттағы жанжал дер кезінде жария етілмеген
Видеодан скрин

Тараздағы Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатта оқушы қызға қатысты орын алған жағдай әлеуметтік желіде тарағаннан кейін облыстық білім басқармасы тексеріс бастады.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрларда бір топ оқушы қызды дәретханаға қарай сүйреп апарып, шалбарын шешкен. Оқиға кезінде өзге оқушылар да жағдайды сырттай бақылаған.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының мәліметінше, интернатта негізінен көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар білім алады.

«2025 жылдың 5 сәуірінде болған оқиғаға байланысты мектеп-интернаттың жауапты қызметкерлеріне тәртіптік шара қолданылды. Құзырлы органдарға дер кезінде хабарламағаны үшін интернат директоры да тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне директорға қатысты әкімшілік іс қозғау туралы ұсыныс жіберілді», – деді басқарма өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиғаға құқықтық баға беру жұмыстарын полиция жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 1
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0