Жамбыл облысында 247 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады
2025–2026 жаңа оқу жылы Жамбыл облысында салтанатты түрде басталды. Биыл өңірдегі 523 мектепте 247 мыңнан астам оқушы білім алуға кірісті. Оның ішінде 20 мыңға жуық бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне қадам басты.
Өңірде үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін шешу мақсатында жаңа білім нысандары салынып, қолданыстағы мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Биылдың өзінде 10 жаңа мектеп пен 5 жапсарлас құрылыс пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Қордай ауданында және Тараз қаласында үш жаңа мектеп есігін айқара ашады. Бұл өңірдегі білім беру сапасын арттыруға және оқушылардың қолайлы ортада білім алуына зор мүмкіндік береді.
Жамбыл облысының әкімі оқушыларды, ата-аналарды және ұстаздарды жаңа 2025–2026 оқу жылының басталуымен құттықтап, жас ұрпаққа сәттілік пен табыс тіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
1
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0