Жамбыл облысы инвестиция тарту бойынша республикада үздік үштікте

Желтоқсан 8, 2025 - 17:25
 0  4
Жамбыл облысы инвестиция тарту бойынша республикада үздік үштікте
Ашық дереккөз

Жамбыл облысы инвестиция тартуда республика бойынша үздік үштіктің қатарына кірді. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева мәлімдеді.

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша өңір өнеркәсіп өнімін 967,8 млрд теңгеге өндіріп, өсім 18,3% болды. Бұл нәтижеге тау-кен өндіру саласындағы 41,7%, өңдеу өнеркәсібіндегі 13,3%, электрмен жабдықтаудағы 10,1% және сумен жабдықтаудағы 5,4% өсім әсер еткен.

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркәсіптің 63% құрайды. Саладағы өнім көлемі 609 млрд теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,3% артық. Дегенмен металлургия мен жеңіл өнеркәсіпте төмендеу байқалған. Аудандық деңгейде Сарысу және Мойынқұм өңірлерінде өндіріс көлемі қысқарған. «Асыл-тұз» серіктестігінде жөндеу жұмыстары жүріп жатса, «Интеррин» кәсіпорнында бұрғылау тоқтаған. Сондай-ақ «Мыңарал Тас Компани» мен «Алтыналмас» кәсіпорындарында да өндіріс азайған.

Ауыл шаруашылығы саласында 363 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, республика бойынша облыс 9-орынға жайғасты. Өсімдік шаруашылығында өнім көлемі 214 млрд теңгеге жетіп, егістік алқабы 2,1% ұлғайған. Мал шаруашылығының өнімі 148 млрд теңгені құрап, 2,1% өсті.

Инвестиция тарту бойынша да оң динамика байқалады: 9 айда негізгі капиталға 491 млрд теңге инвестиция құйылып, бұл өткен жылмен салыстырғанда 39,1% жоғары. Оның 398,8 млрд теңгесі — жеке инвестиция. Осы көрсеткіш арқылы Жамбыл облысы республикада екінші орынға шықты. Алайда Тараз қаласы мен бірқатар аудандарда жоспар төмен орындаалған.

Сандуғаш Абдралиеваның айтуынша, жыл соңына дейін экономиканың барлық негізгі салаларындағы өсім қарқыны сақталады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0