Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу: жеткілікті шек өзгеруі мүмкін

Наурыз 27, 2026 - 19:08
 0  16
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу: жеткілікті шек өзгеруі мүмкін
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткілікті шек көтерілуі мүмкін. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, кейінгі бес жылда азаматтар зейнетақы жинағынан бес триллион теңгеге жуық қаражат алған. Қаражаттың едәуір бөлігі жастардың үлесіне тиген.

"Санаттар бойынша талдап көрдік, шамамен бір триллион теңгені 20 мен 35 жас аралығындағы жастар алған. Еңбек жолын енді бастаған кезде жастар алдымен жинақ қалыптастыруы қажет. Бүгінде бұл (зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу - еск.) - қарызды өтеуге, емделуге арналған жақсы құрал, бірақ болашақ зейнетақы туралы да ойлау керек", - деді Асқарбек Ертаев.

Сондықтан министрлік тиісті заң жобасын әзірлеген. Қазір ол Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігімен келісіліп жатыр. Бұл мәселе жақын арада қаралуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0