Түркістан облысында ер адам жұбайына қол жұмсап, артынша өзіне қол салған
Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында ауыр отбасылық жағдай орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 56 жастағы ер адам отбасындағы жанжал кезінде жұбайына ауыр дене жарақатын салып, кейін өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы «КТК» телеарнасына сілтеме жасап ilmek.kz хабарлайды.
Қайғылы оқиға бес күн бұрын болған. Таңертең балалар үйдің ауласында болған жағдайды байқап, көршілер мен туыстарына хабар берген. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған төрт бала жақын туыстарының қарауына берілген.
Телеарна дерегінше, ер адамның мұндай әрекетке баруына тұрмыстық жанжал мен қызғаныш себеп болуы мүмкін.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша іс тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам үй жағдайында жұбайына дене жарақатын салып, артынша қайтыс болған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0