Тоқаев Шуда іске қосылған жаңа зауыттың ашылу салтанатына онлайн қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы ресми сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Дин Сюэсянмен бірге бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысының Шу қаласында орналасқан жаңа зауыттың ашылу салтанатына қатысты.
Жаңа өндіріс орны – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен SANY Renewable Energy компаниясының серіктестігі аясында іске асырылған жоба. Бұл – жел энергетикасына арналған қондырғылар шығаратын әлемдік жетекші компанияның Қазақстандағы алғашқы кәсіпорны.
Зауыт «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Мұнда гондола, күпшек және мұнара секілді жел электр стансаларына қажетті негізгі бөлшектер шығарылады.
Аталған өндіріс еліміздегі жаңа электр стансаларының құрылысын қамтамасыз етіп, «жасыл» энергетика саласының дамуына серпін бермек.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0