Теміржол билеттеріне көктемгі жеңілдік жарияланды

Сәуір 2, 2026 - 18:15
 0  4
Теміржол билеттеріне көктемгі жеңілдік жарияланды
Жолаушылар тасымалы компаниясы
Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады.

Сәуір айында сұранысқа ие бірқатар бағыт бойынша пойыз билеттері 25% көлемінде көктемгі жеңілдікпен сатылады.

Ұлттық тасымалдаушы жеңілдіктерді үш бағытта қолданды және оны алу үшін жол жүру құжаттарын ресімдеудің бекітілген талаптары сақтау қажет. 

Жолаушыларға келесі бағыттарда жоғарғы орындарға 25% жеңілдік беріледі:
• № 105/106 «Петропавл – Алматы»
• № 77/78 «Алматы – Маңғыстау»

Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын пойыздарға қолданылады.

Қосымша № 65/66 «Астана – Қызылорда» бағытында турист вагондарына 25% жеңілдік қарастырылған. Бұл бағытта жеңілдік билетті 15-45 күн бұрын сатып алған жағдайда ұсынылады. Ол тек 2Д, купе санатындағы вагондарда төменгі және жоғарғы орындарға ғана қолданылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0