Таразда жол ережесін 91 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Қараша 5, 2025 - 15:46
Қараша 5, 2025 - 15:46
 0  6
Таразда жол ережесін 91 рет бұзған жүргізуші ұсталды
ІІМ
Жүргізуші «Қорғау» интеллектуалды жүйесі арқылы анықталған

Тараз қаласында тәртіп сақшылары бірнеше ай бойы жол қозғалысы ережелерін 91 рет бұзған Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты.

Тексеру кезінде ер адамның жылдамдықты бірнеше мәрте асырғаны және жол қозғалысының басқа да талаптарын сақтамағаны анықталды.

Жүргізуші «Қорғау» интеллектуалды жүйесі арқылы анықталды. Бұл жүйе жол қозғалысын автоматты түрде бақылап, ереже бұзушылықтарды анықтаудың тиімділігін арттырады.

Цифрландыру мен заманауи технологиялардың енгізілуі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды құралға айналып келеді. Қазіргі таңда көлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0