Таразда жаңа заманауи перинаталдық орталық салынады

Қазан 2, 2025 - 09:58
 0  4
Таразда жаңа заманауи перинаталдық орталық салынады
gov.kz

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Жамбыл облысында ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы маңызды жобалардың бірі қолға алынды. 150 төсек-орындық жоғары технологиялық перинаталдық орталықтың құрылысы 2027-2029 жылдары жүзеге асырылмақ.

Жоба Тараз қаласындағы Асқаров көшесінің соңында орналасады және құрылыс үшін 5,76 гектар жер бөлінген. Ал 2026 жылы оның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталады.

Жаңа орталықта жүкті әйелдерге, босанатын және босанған аналарға, сондай-ақ жаңа туған сәбилерге арналған жоғары деңгейдегі медициналық қызмет көрсетіледі. Мұнда неонатология, реанимация, перзентхана бөлімдері мен консультациялық-диагностикалық қызметтер жұмыс істейтін болады.

Бұл жоба өңірдегі перинаталдық көмектің сапасын арттырып, ана мен бала өлім-жітімін төмендетуге үлкен ықпалын тигізеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0