Алматы перинаталдық орталығының мамандары ауыр халдегі сәбиге өмір сыйлады

Қараша 13, 2025 - 11:10
 0  2
Алматы перинаталдық орталығының мамандары ауыр халдегі сәбиге өмір сыйлады
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығында дәрігерлер салмағы бар болғаны 742 грамм болып дүниеге келген нәрестені аман алып қалды, – деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі.

Бала 30 тамыз күні, жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген. Туған сәттен бастап оның жағдайы өте ауыр болған.

Сәби 40 күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, кейін 24 күн назальды СИПАП-терапия алған. Қазір нәрестеге 74 күн толды – ол құрылғыларсыз өздігінен тыныстады, жағдайы тұрақты.

«Әрбір грамм салмақ, әрбір тыныс – дәрігерлердің ортақ еңбегі мен сәбидің өмірге деген жігерінің нәтижесі. Бұл – біз үшін жай ғана жұмыс емес, күн сайынғы өмір үшін күрес», – деді орталық директорының неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Айнұрым Сарбас.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 1
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0