Төрт сантиметрлік болт жұтқан сәби аман қалды

Қазан 31, 2025 - 15:50
 0  2
Төрт сантиметрлік болт жұтқан сәби аман қалды
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында дәрігерлер бір жастағы қыз баланың өмірін құтқарып қалды. Бүлдіршін төрт сантиметрлік болтты жұтып қойған соң, 27 қазанда ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Медицина мамандары жедел түрде ларингоскопия әдісін қолданып, баланың тамағынан болтты ешқандай хирургиялық ота жасамай-ақ сәтті алып шыққан.

Қазіргі уақытта қыз баланың жағдайы тұрақты. Ол анасымен бірге хирургия бөлімінде емін жалғастырып жатыр.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0