Таразда 40 мектеп онлайн форматқа ауысты
Таразда оқушылар арасында ЖРВИ (ОРВИ) ауруы өсіп келеді. Шектеулер 28 қарашаға дейін күшінде болады, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі.
Таразда жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар санының артуына байланысты уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылған оқу орындарының тізімі кеңейді. Санитарлық талаптарға сәйкес, егер сырқаттанушылық деңгейі 30%-дан асса, оқу процесі онлайн форматқа ауыстырылады.
Тараз қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қаулысына және қалалық білім бөлімінің 2025 жылғы 20 қарашадағы бұйрығына сәйкес, 21–28 қараша аралығында келесі оқу орындары қашықтан оқытуға ауыстырылды:
— №3 мектеп-лицей, №5 мектеп-гимназия, №8 гимназия, №4, 9, 14, 22, 23, 33, 34, 38, 44, 47, 50, 54, 56, 59, 60, 65, 68, 69 жалпы білім беретін мектептер, В. Чкалов және Н. Гоголь атындағы мектептер, №58 бастауыш мектеп, сондай-ақ «TANTA», «Нұр Әлім», «Galam high school», «Aidyn» жеке мектептері, — деп хабарлады қала әкімдігі.
Бұған дейін тізім тағы үш оқу орны есебінен кеңейген болатын — №27 және №32 мектептері және Қоңыртөбе бастауыш мектебі. Бұрын жабылған 9 оқу орнын ескере отырып, Таразда карантинге жабылған мектептер саны 40-қа жетті. Осы уақытта өңірдің денсаулық сақтау жүйесінде жүктеме артқаны байқалады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаевтың мәліметінше, ЖРВИ және тұмаумен, сондай-ақ асқынған пневмониямен ауырған науқастарға стационарлық көмек көрсету үшін облыста 964 инфекциялық төсек-орын әзірленген (оның 227-сі – ересектерге, 659-ы – балаларға), оның ішінде 65 реанимациялық орын бар. Қосымша 100 резервтік төсек-орынға дайындық қамтамасыз етілген.
— Бүгінгі таңда инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 964 орынның 838-ін құрайды, яғни 87%, — деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0