Танымал рэпер Qarakesek есірткімен ұсталды
Ақтөбеде Qarakesek лақап атымен танымал 31 жастағы рэпер Омар Амантаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Рэпер есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп келе жатқан жерінен ұсталған. Тінту барысында одан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесі оның синтетикалық есірткі екенін растады. Медициналық куәландыру да жүргізушінің есірткілік мас күйде болғанын дәлелдеген.
Сот шешімімен Омар Амантаев 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
1
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0