Түркістан облысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды
11 қыркүйекте Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарында криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топты ұстады. Төрт ұйымдастырушысы мен қатысушылары уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Тергеу мәліметтері бойынша, топ мүшелері көрші елдерден келген мигранттарға мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескен. Әрбір мигранттан олар 500 мың теңгеге дейін ақша алған.
"Тінту кезінде шетелдік паспорттар, жалған құжаттар, электрон тасымалдаушылар және байланыс құралдары тәркіленді. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", - деді ІІМ өкілдері.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0