Сәтбаевта ауызша уағыздар арқылы жұртты адастырмақ болған тұрғын сотталды
Сәтбаев қаласында терроризмді насихаттау ісі бойынша сот үкімі шықты.
Сотта не анықталды?
Сәтбаев қалалық сотының мәліметінше, жергілікті тұрғын бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, ауызша уағыздар жүргізген. Ол қала тұрғындарының санасына әсер етіп, оларды радикалды идеологияға бейімдеуге әрекет жасаған.
Сот үкімі
Сот істің барлық мән-жайын ескеріп, айыпталушыны кінәлі деп таныды. Оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0