Шекарада ірі көлемдегі заңсыз темекі тасымалының жолы кесілді

Қыркүйек 19, 2025 - 16:33
 0  2
Шекарада ірі көлемдегі заңсыз темекі тасымалының жолы кесілді
ҰҚК баспасөз қызметі

2025 жылғы 12 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жамбыл облысындағы шекаралық бақылау барысында ірі көлемдегі контрабанданың жолын кесті.

Тексеру кезінде жүк пойызынан 890 980 қорап заңсыз әкелінген темекі табылған. Сарапшылардың алдын ала бағалауы бойынша тәркіленген темекінің жалпы құны 600 миллион теңгеден асады.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

"Темекіні құрылыс материалдары түрінде мемлекеттік шекарадан ілеспе құжаттарсыз алып өтпек болған. Алдын ала бағалау бойынша бұл тауардың құны 600 млн теңгеден асады. Жүгі бар вагон ажыратылып, процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0