Сәтбаевта өртке оранған пәтерден полицейлер үш баланы құтқарып қалды

Қазан 30, 2025 - 09:33
Қазан 30, 2025 - 09:38
 0  4
Сәтбаевта өртке оранған пәтерден полицейлер үш баланы құтқарып қалды
ІІМ кадры

Ұлытау облысында полицейлер өртенген пәтердің терезесінен үш баланы шығарып, аман алып қалды.

Оқиға Сәтбаев қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында болған. Сол маңды патрульдеп жүрген полиция инспекторлары пәтер терезесінен шыққан жалынды байқап, бірден көмекке ұмтылған.

ІІМ мәліметінше, дәл сол сәтте көмек сұрап шыққан тұрғын пәтер ішінде үш бала қалып қойғанын айтқан. Тәртіп сақшылары еш кідірместен ішке кіріп, төсектің астында жатқан бір баланы тауып, қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

«Кейін полицейлер екінші бөлмеге өтпек болған, бірақ жалын мен түтін ішке кіруге мүмкіндік бермеген. Артынша олар сыртқа шығып, терезенің торын жұлып алып, қалған екі баланы терезе арқылы шығарып, аман алып қалды», – делінген хабарламада.

Өрт сөндіру қызметі дереу шақырылып, тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0