“Үш күн ұйықтамадым“. 700 қой баққан қойшы қалың тұманда адасып кеткен

Қараша 26, 2025 - 18:16
Қараша 26, 2025 - 18:20
 0  2
“Үш күн ұйықтамадым“. 700 қой баққан қойшы қалың тұманда адасып кеткен
Видео кадры

Жамбыл облысында қалың тұманда адасқан қойшы табылды, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі.

24 сағат іздестірілген

Жамбыл ауданындағы шаруа қожалықтардың бірінде екі күн бұрын қойшы 700 қоймен бірге құмды жерде адасып кеткен. Хабарлама түскен сәтте полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде 24 сағатқа жетпей аудан орталығынан 200 шақырым жерде қойшы да, қойлар да табылды.

"Үш күн ұйықтамадым"

"Түнде тоңып қалмау үшін ұйықтамауға тырыстым. Үш күнге жуық тамақ ішпегендіктен әлсіреп қалдым. Мені тапқан полиция қызметкерлері жағдайымды көріп, бірден жылы орынға апарып, айран мен нан берді. Алғысым шексіз", - деді тұрғын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0